УЕФА Қазақстан футбол федерациясының президентіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр
Әділет Барменқұлов© Photo : kff.kzЖазылу
Екі ірі футбол клубы УЕФА-ның бақылау, этика және тәртіп комитетіне шағым түсірді АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловқа қатысты өзі жетекшілік ететін лигада келісіммен матч ұйымдастырды деген күдікпен УЕФА тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Inside The Games.»Inside The Games басылымына сұхбат берген Қазақстан футбол федерациясының анонимді дереккөзінің айтуынша, екі ірі футбол клубы Қазақстан футбол федерациясының басшысына қатысты УЕФА-ның бақылау, этика және тәртіп комитетіне шағым түсіріп, ҚФФ букмекерлік компаниялардың бірінің мүддесіне әрекет етеді деп айыптады», — делінген хабарламада. Соңғы кездері Қазақстан футбол федерациясының, әсіресе, оның президенті Барменқұловтың қызметі мен беделіне қатысты сынның жиілегені айтылды. «Жақында белгілі болғандай, клубты Барменқұлов басқаратынына қарамастан (директорлар кеңесінің төрағасы), Қазақстан футбол федерациясы қарағандылық «Шахтер» футбол клубын жаттықтыру үшін 9 миллион теңгеден асатын тендерді ұтып алған», — деп жазды басылым. Әлеуметтік желілерде Барменқұлов келісіммен ойындар болғанын растайтын видео мәлімдеме жасады, бірақ ол мұның тек бұрын болғанын түсіндірді, деп жазды басылым.