Тоқаев Түрікменстан президентімен кездесті
Касым-Жомарт Токаев провел встречу с президентом Туркменистана Сердаром Бердымухамедовым
© Пресс-служба президента КазахстанаЖазылу
Кездесу барысында сауда-экономика, энергетика, көлік-транзит салаларындағы серіктестікті нығайту мәселелері талқыландыАСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлады Ақорда.Қазақстан президенті Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына шақырғаны үшін Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты.»Қасым-Жомарт Тоқаев аталған іс-шара осы санатқа жататын елдердің жағдайына қатысты өзекті мәселелер туралы пікір алмасып, нақты шешімдер әзірлейтін маңызды алаң екеніне назар аударды», — деп жазылған хабарламада.Кездесу барысында сауда-экономика, энергетика, көлік-транзит салаларындағы серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды.Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға бейіл екенін тағы да растады.Тоқаев БҰҰ конференциясындағы делегацияны Астанадағы экологиялық саммитке қатысуға шақырды5 Тамыз, 13:25





