Қоғам

Астанада бастауыш сынып оқушылары үйден оқиды

Архивтегі сурет© Sputnik / Владислав ВодневЖазылу

Елордада қалың қар түсіп, бұрқасындатып тұрАСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды, деп хабарлады әкімдік.»Ауа райының нашарлауына байланысты 8 қаңтар күні екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді», — делінген хабарламада.Қала көшелерінде таңнан бері 1700-ден астам арнайы техника мен 2500-ге тарта жұмысшы жұмыс істеп жүр.Синоптиктердің болжамынша, 8 қаңтар Астанада қатты қар жауады, бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін барады. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус суық.Айта кетері, бүгін Абай облысында да ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымда оқитын оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылды:Бородулиха ауданында барлық мектептің 1-11 сынып оқушылары:Жарма ауданында 10 мектептің 1-9 сынып оқушылары, 5 мектептің 1-4 сынып оқушылары.Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқып жатыр.ӨңірлерБес облыста республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді8 Қаңтар, 11:18

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Кнопка «Наверх»