Экономика

Төрт айда жалпы ішкі өнім 6%-ке өсті

Монеты, архивное фотоМонеты, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2025© Sputnik / Владислав ВодневЖазылу

Түркістан облысында жалпы ішкі өнім жеміс, көкөніс, фармацевтикалық тауарларды сататын кәсіпорындар есебінен 60,4%-ке өстіАЛМАТЫ, 12 мамыр – Sputnik. Биылғы төрт айда жалпы ішкі өнім өсімі 6%-ті құрады. Экономиканың негізгі салалары: көлік (22,4%), сауда (7%) қарқыны дамыған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.Өсімдік ауыл шаруашылығы (3,9%) және байланыс (2,6%) салаларында да тіркелді. Әсіресе Түркістан (21,8%), Жамбыл (11,2%) және Абай (14,9%) облыстары жоғары динамика көрсетті.Ал құрылыс саласында нақты жұмыс көлемінің индексі 16,2% болған.Сауда саласы тұрақты түрде 7%, көтерме сауда көрсеткіші 7,4%, бөлшек сауда көрсеткіші 6,1%-ке дейін өсті.»Түркістан облысында жалпы ішкі өнім жеміс, көкөніс, фармацевтикалық тауарларды сататын кәсіпорындар есебінен 60,4%-ке өсті. Ақмола облысы – астықты, тұқымдарды және мал азығын сататын кәсіпорындардың арқасында 44%, ал Шымкент – дизель отынын, фармацевтикалық тауарларды, қара және түсті метал сынықтары мен қалдықтарды сататын кәсіпорындар есебінен 19,8%-ке жоғары өсімді көрсетті», — деп жазды ведомство.Сондай-ақ тау-кен секторында, өңдеу өнеркәсібінде де көрсеткіш артқан. Жалпы өнім индексі қаңтар-сәуір айларында 3,9% болды.Қазақстан ЖІӨ өсімі бойынша Орталық Азия және ТМД елдері арасында көш бастап тұр25 Желтоқсан 2023, 13:11

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Кнопка «Наверх»