Оқиға

Шымкентке күкірт өртенді: он адам зардап шегіп, бір көлік жанып кетті

Шымкентте күкірт өртенді © Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаЖазылу

Сонымен қатар Daewoo Jentra жолаушылар көлігі де жанып кеткен АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Шымкенттің өндірістік аймағында болған ірі өрттен зардап шеккендер туралы деректер жариялады. «Өрт болған жерден күйік және улану белгілерімен 10 адам медициналық көмекке жүгінді, оның ішінде 2 адам дәрігерлердің қарауынан кейін ауруханаға жатқызылды, қалған 8 адам үйлеріне жіберілді», — деп хабарлады ТЖД.Еске салайық, Шымкенттегі «Ордабасы» индустриалды аймағында, «KMG Supple Company» ЖШС аумағындағы ашық алаңда өндірістік газ және кесек күкірт өртенді. Өрт аумағы 1200 шаршы метрді құраған. Төтенше жағдай кезінде сонымен қатар Daewoo Jentra жолаушылар көлігі де жанып кеткен. Өртті сөндіру жұмысы күкірттің тотығуының химиялық реакциясына байланысты қиындады. Өрт сөндірушілер инертті материалдармен толтыру және газсыздандыру жұмыстарын жүргізді. ТЖМ күштері жедел күкірттің ашық жануына қарсы жұмыстарды бастап, жедел штаб ұйымдастырылды. Шаңырақ ауданы бойынша жақын жердегі тұрғын үйлерден 443 адам, оның ішінде 233 бала эвакуацияланып, кейіннен олардың барлығы үйлеріне немесе туыстарының үйлеріне оралды. Айта кету керек, кеше кешке басталған өртті мамандар жексенбінің таңына қарай сөндірді.ОқиғаШымкенттегі күкірт өрті толық сөндірілді 28 Шілде, 09:05

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Кнопка «Наверх»