Елорда тынысы

Мұз айдындары, сырғанақтар, фотоаймақтар: Астананы безендіру қалай жүргізіліп жатыр

Астананы безендіру қалай жүргізіліп жатыр© Астана қаласының әкімдігіЖазылу

Осы демалыс күндері елорданың орталық саябағында ұзындығы 290 метр болатын алғашқы желілік мұз айдыны ашыладыАСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Елордада мұз айдындары, сырғанақтар салынуда, шағын архитектуралық фигуралар, фотоаймақтар және т.б. салынып жатыр. Бес аудан аумағында барлығы 60-қа жуық мұз айдыны мен сырғанақ салынады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Мұз айдындарын, сырғанақтар, шағын архитектуралық фигуралар, фотоаймақтар және басқа элементтерді салу сияқты жаңа жылдық безендіру жүріп жатыр. Әдетте, жыл сайын бұл жұмыстар 23-25 желтоқсанға дейін аяқталады.© Астана қаласының әкімдігіАстананы безендіру қалай жүргізіліп жатырАстананы безендіру қалай жүргізіліп жатыр© Астана қаласының әкімдігіЖұмыстың бір бөлігі аяқталды. Мысалы, «Жастар» сарайының алдындағы алаңда және ЭКСПО-қалашықта салынған мұз айдынында, сырғанақтар серуендеуге болады.Сонымен қатар, осы демалыс күндері елорданың орталық саябағында ұзындығы 290 метр болатын алғашқы желілік мұз айдыны ашылады. Ол арнайы концерттік бағдарлама арқылы 23 желтоқсан күні сағат 18:00-де ашылады.© Астана қаласының әкімдігіАстананы безендіру қалай жүргізіліп жатырАстананы безендіру қалай жүргізіліп жатыр© Астана қаласының әкімдігіСарыарқа ауданында Бөгенбай батыр даңғылы, 43, Бейбітшілік көшесі бойындағы қалалық алаңда, «Көктал» саябағында қысқы ойын-сауық ұйымдастырылады.Алматы ауданында мына орындар белгіленді: «Қазақ Елі» монументінің жанындағы алаң, ІІМ жанындағы Тәуелсіздік және Қажымұқан көшелерінің қиылысында, «Құмыра» мекемесінің тұрағында, Абылай хан – Қобда қиылысында, Оқушылар сарайының жанында.© Астана қаласының әкімдігіАстананы безендіру қалай жүргізіліп жатырАстананы безендіру қалай жүргізіліп жатыр© Астана қаласының әкімдігіСонымен қатар, Нұра ауданындағы қысқы демалыс алаңдары Ailand отбасылық демалыс орталығы, Keruensity СОО, «Хан Шатыр», Asia Park, сондай-ақ елордалық саябаққа және Үркер тұрғын алабына кіреберісте жанында ашылады.© Астана қаласының әкімдігіАстананы безендіру қалай жүргізіліп жатырАстананы безендіру қалай жүргізіліп жатыр© Астана қаласының әкімдігіЖақын арада Байқоңыр ауданының тұрғындары «Ататүрік» саябағында, «Жастар» сарайында, Жазушылар аллеясында, Қазқалашық, Кирпичный, Өндіріс, Қоянды елді мекендерінде мұз төбешіктерінде сырғанай алады.Есіл ауданында ЭКСПО аумағында, Ботаникалық бақта және «Керуен» СОО маңында тағы үш орын белгіленді.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Кнопка «Наверх»