Спoрт

Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды

Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атандыРишат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2025© Photo : Ұлттық Олимпиадалық комитетЖазылу

Жарыстың негізгі бөліміне тек Ришат Хайбуллин мен Әмір Маймұратов шықтыАСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Қазақстандық Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Францияның Шамони қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиадалық комитеттің сайты.Жалпы жылдамдық бағдарламасы бойынша Қазақстан атынан сегіз спортшы сынға түсті.Жарыстың негізгі бөліміне тек Ришат Хайбуллин мен Әмір Маймұратов шықты.»Ришат финалға дейін жетіп, АҚШ спортшысы Самуэль Уотсонға жол берді. Осылайша күміс медальға ие болды. Қола жүлде тағы бір америкалық спортшы Зак Хаммерге бұйырды», — деп жазылған хабарламада.Ал Әмір Маймұратов іріктеу кезеңінде екінші орынды иеленді. Дегенмен жарыстың негізгі бөлімінде ширек финалға дейін жетіп, испаниялық Эрик Ноя Кардонаға есе жіберді.Айта кетері, Әлем кубогы кезеңіне 31 елден 312 спортшы қатысып жатыр.Отандасымыз Олимпиада рекордын жаңартты6 Тамыз 2024, 17:00

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Кнопка «Наверх»