Жеңіске тағзым

Петропавлда соғыс ардагеріне естелік тақта ашылды

Петропавлда соғыс ардагеріне мемориалдық тақта ашылды© Photo : СҚО әкімдігіЖазылу

Майдангер Сапар Дүйсенов — СҚО-ның құрметті азаматы, соғыстан кейінгі жылдардан бастап құқық қорғау саласында қызмет еткен АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Петропавлда СҚО-ның құрметті азаматы, соғыс ардагері және прокуратура органдарының еңбек сіңірген қызметкері Сапар Дүйсенұлы Дүйсенов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды. © Photo : СҚО әкімдігіПетропавлда соғыс ардагеріне мемориалдық тақта ашылдыПетропавлда соғыс ардагеріне мемориалдық тақта ашылды© Photo : СҚО әкімдігіЖеңістің 80 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған рәсімге СҚО әкімдігі, құқық қорғау органдарының басшылары, ардагердің туған-туысқандары қатысты. «Мемориалдық тақта оны халыққа және заңға адал қызмет еткен тұлға ретінде құрметтеудің және алғыстың символы. Сапар Дүйсенұлының өмір жолы мен Отанына қызметі жастарды адал және патриот болуға тәрбиелей отырып, оларды болашақта елге қызмет етуге бағыт-бағдар береді», — деді өңір басшысы. © Photo : СҚО әкімдігіПетропавлда соғыс ардагеріне мемориалдық тақта ашылдыПетропавлда соғыс ардагеріне мемориалдық тақта ашылды© Photo : СҚО әкімдігіМайдангер Сапар Дүйсенұлы соғыстан кейінгі жылдары елді қалпына келтіру мен дамытуға белсене араласқан. Ол тергеушіден бастап облыс прокурорының бірінші орынбасарына дейінгі жолды жүріп өтті. Прокуратура саласына саналы ғұмырын арнап, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, жас мамандарды тәрбиелеуге және азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты.Жеңістің 80 жылдығыЖамбыл облысында Бауыржан Момышұлына ескерткіш тақта ашылды25 Сәуір, 19:33

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Кнопка «Наверх»