Оқиға

Таразда автобус 10 көлікті жайпап өткен: жолаушы ауруханаға түсті

Жедел жәрдем© Sputnik / Абзал КалиевЖазылу

Автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткенАСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Таразда қоғамдық көлік тұрақта тұрған 10 автокөлікпен соқтығысты. Салдарынан автобус салонында отырған 56 жастағы жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Жамбыл облысының полиция департаменті.Жол апаты 4 қаңтар 10:45 шамасында Төле би даңғылында болған.№56 бағдарлы автобустың 33 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, тұрақта тұрған 10 автокөлікпен соқтығысқан.»Жол апаты кезінде автобуста 10 жолаушы отырған. Оның біреуі – 56 жастағы әйел алған жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілді», — делінген хабарламада.Автобус жүргізушісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар жасалады.Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.»Жолаушы жүргізушіні ұрып, естен тандырған»: Алматыда автобус үш адамды қағып өлтірді22 Желтоқсан 2023, 20:29

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Кнопка «Наверх»