Мәжіліс төрағасы Ресейге ресми сапармен барды
Архивтегі сурет© Sputnik / Владислав ВодневЖазылу
Қошанов Мәскеу мен Қазан қалаларына барадыАСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Ресей Федерациясына ресми сапармен келді, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметі.4-5 наурыз күндері Қошанов Мәскеу және Қазан қалаларына барады деп жоспарланған.Мәскеуде Ресей Федералдық жиналысы Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинмен және Ресей Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен екіжақты кездесулер өтеді.Қазанда мәжіліс төрағасы Татарстан басшысы Рустам Миннихановпен және Татарстан Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездеседі.Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ өңіраралық экономикалық ынтымақтастық пен өзара мәдени-білім беру мәселелерін талқылайды.Қошанов мектептерде орыс тілін шектеуге қатысты өз ойын айтты13 Қыркүйек 2023, 15:59