Жеңіске 80 жыл: Астанада өтетін парадқа әскери әуе күштерінің армиялық авиациясы келді
/ Медиабанкке өтуЖеңіске 80 жыл: Астанада өтетін парадқа әскери әуе күштерінің армиялық авиациясы келді © Sputnik / Александр Мельников / Медиабанкке өтуЖазылу
Мерекелік шеруге майдандық, армиялық және әскери-көлік авиациясының 60-тан аса ұшу кемесі қатысадыАСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Ми-17, Ми-35 және Ми-171Ш тікұшақтары Астана қаласындағы 19132 әскери бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.Бұл әуе кемелері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады. «Армиялық авиация экипажын әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Руслан Қоңыров бастаған әскерилер дәстүрге сай ұлттық нақышта – қымыз және бауырсақпен қарсы алды. Бұл шара алдағы тарихи парадқа дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады», — делінген хабарламада. Айта кету керек, әскери парадқа майдандық, армиялық және әскери-көлік авиациясының 60-тан аса ұшу кемесі қатысады.Ұлы Жеңістің 80 жылдығыЖеңіске 80 жыл: Астанадағы парадта аты аңызға айналған танктер мен зеңбіректер болады9 Сәуір, 13:21