Қоғам

Беларусь 2025 жылы «Достастық балалары» форумын өткізуге дайын

«Достастық балалары» форумы© МПА СНГЖазылу

Беларусь Республикасы Кеңесінің Төрағасы Наталья Кочанова ТМД Парламентаралық Ассамблеясы (ПАА) тең ұйымдастырушысы болып табылатын «Достастық балалары» Х халықаралық мәдени-ағартушылық форумын 2025 жылы өз елінің аумағында өткізуді ұсынды АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Кочанова 12 шілдеде Федерация Кеңесінің басшысы Валентина Матвиенконың төрағалығымен БРИКС X Парламенттік форумы аясында өткен ТМД ПАА Кеңесінің отырысы барысында сөз сөйледі, деп хабарлайды «СенатАқпарат».Матвиенко «Достастық балалары» форумын өткізуге жан-жақты көмек көрсетуге және оған назар аударуға уәде берді.

"Біз бұл жобаны жалғастырамыз, бұл өте пайдалы және тиімді жоба", — деді ол.

«Балалар достастығы – біз біргеміз!» ұранымен «Достастық балалары» IX Халықаралық мәдени-ағартушылық форумы 2024 жылдың 25 маусымы мен 4 шілдесі аралығында Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өтті, 2013 жылы бірінші форум да дәл осы жерде өткен. Іс-шараның ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қорының қолдауымен ТМД ПАА және Қырғыз Республикасының Жогорку Кеңеші ұйымдастырды. Бұған дейін Санкт-Петербургте өткен БРИКС парламенттік форумында бірауыздан декларация қабылданғаны хабарланған болатын. Санкт-Петербургте өткен форумның жабылу салтанатында жоғарғы палата спикері Валентина Матвиенконың айтуынша, құжат нақты әрі мазмұнды болып шықты.БРИКС парламенттік форумында декларация бірауыздан қабылданды12 Шілде, 21:33

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Кнопка «Наверх»