Спoрт

Астанада салт аттылар шеруі өтті

Жамбы ату ойынынан Қазақстан құрамасы © Photo : Дирекция Всемирных игр кочевниковЖазылу

Шеру кезінде бүкіл бағдар бойынша жол қозғалысы уақытша жабылды АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Астанада V Дүниежүзілік ойындарына арналған салт аттылар шеруі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігіне сілтеме жасап.Қазақстанның және алдағы ойындардың туларын ұстаған 20 шабандоз қала көшелермен жүріп өтті. Олар «Барыс Арена» спорт кешенінің жанында жиналып, Бұқар жырау, Ботаникалық бақ, Орынбор мен Ақмешіт көшелері арқылы «Азия парк» сауда орталығына жетті. Ал ең соңында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына барып тоқтады. Шеру кезінде бүкіл бағдар бойынша жол қозғалысы уақытша жабылды. Бұған дейін қазақ батырлары мен бүркітшілер Астананы автобуспен аралап шыққан болатын.Айта кетері, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйекте өтеді. Іс-шараға 2000-ға жуық спортшы қатысады деп күтіліп отыр. Сол кезде спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.ВидеоДүниежүзілік көшпенділер ойындары: бүркітші Астананы қоғамдық көлікпен аралап шықты27 Шілде, 13:26

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Кнопка «Наверх»