Астанада жөндеу жұмысына байланысты қандай көшелер жабылды
Ремонт дорог в Алматы фотолента© Sputnik/Ертай СарбасовЖазылу
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Елордада 21 мамырдағы жағдай бойынша жөндеу жұмысы жүріп жатқан бірқатар көше мен даңғылдар толық немесе ішінара жабылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Мәселен, 21 мамырда Қабанбай батыр даңғылының Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаске (Дөңгелек алаңның үстіндегі көпір) толығымен жабылды. Балама жолдар – көпір астында, Тұран даңғылы.Қазақ радиосы көшесі – 1 маусым төменгі қабатта қозғалыс қамтамасыз етіледі.Тұрғын алаптардағы жабық көшелер:- Титов көшесі – Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейін;
— Шақпақ көшесі – Бейсеков көшесінен Байсейітов көшесіне дейін;
— Сұлукөл көшесі – Еңлік Кебек көшесінен Ардагерлер көшесіне дейін;
— Жарсуат көшесі – Фахд бен Абдул Азиз көшесінен Жалил көшесіне дейін;
— Абат-Байтақ көшесі — К. Байсеитова көшесінен Ш. Бейсекова көшесіне дейін.Ішінара жабылған көшелер:Тәуелсіздік даңғылы – Р. Қошқарбаев көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін (бұл ретте автокөлік құралдары үшін қозғалыс екі бағыттың бір жағы бойынша қамтамасыз етілген – 1 маусымда қозғалыс төменгі қабатта қамтамасыз етілетін болады);Б. Момышұлы даңғылынан Мәңгілік Ел және оң жағындағы Сарайшық көшесі қиылысындағы көлік айрығына дейінгі учаскедегі «Арқар» көпірі. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да сол жақта қамтамасыз етілген;Тұран даңғылының Бұқар жырау көшесінен бастап Ұлы Дала даңғылына дейін және Ұлы Дала даңғылынан бастап Хусейн бен Талал көшесіне дейін. Қозғалыс ағымдағы жылдың 21-25 мамыр аралығында ішінара жабық. Тұран/Ұлы дала қиылысының өзі ашық. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта (әуежайдан қалаға қарай) қамтамасыз етілуде.