Астанада жүргізушілерге автобус жолақшаларымен жүруге рұқсат етілді
Bus lane в Нур-Султане© акимат Нур-СултанаЖазылу
Елордада бірқатар көшеде жөндеу жұмысы жүріп жатырАСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Астанада жол жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңіне көлік жүктемесін азайту мақсатында кейбір көшелердегі «Сергек» камераларымен автобус жолақтары бойынша қозғалысты тіркеу уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды елордалық полиция департаменті.Қаланың магистральдық көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жолдың асфальт жабынын төсеуге және жол белгілерін қоюға байланысты кейбір көшелерде автомобильдердің қозғалысы уақытша шектеледі.»Осыған байланысты көлік жүктемесін төмендету мақсатында осы жылдың 14 маусымы мен 1 шілдесі аралығында Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының бойында, сондай-ақ Сарайшық және Сарыарқа көшелерінде «Сергек» камераларымен автобус жолақтары бойынша қозғалысты тіркеу уақытша тоқтатылды», — делінген хабарламада.Полиция депаратменті жүргізушілерден елорда жолдарындағы өзгерістерді ескеруді сұрайды.