Қоғам

АЭС құрылысы кезінде қанша жұмыс орны ашылады

Строительство атомной электростанции «Аккую» в Турции© Photo : Пресс-служба государственной корпорации по атомной энергии «Росатом»Жазылу

Министр АЭС бойынша жалпыхалықтық референдум өтетітін еске салдыАСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев атом электр станциясының құрылысы басталған жағдайда қанша жұмыс орнын ашуға болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Министрдің есебіне сәйкес АЭС құрылысы кезінде 8 мыңға жуық жұмыс орны ашуға болады. “Ал атом электр станциясы іске қосылғаннан кейін 2000 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, АЭС әрбір жұмыс орны аралас салаларда 10-ға дейін жұмыс орнын ашады, бұл еңбек нарығына және бүкіл аймақтың дамуына оң әсер етеді”,- деді Сәтқалиев үкіметтің бүгінгі отырысында. Осы орайда министр АЭС бойынша жалпыхалықтық референдум өтетітін еске салды. «Бұл оқиға ел халқына өз пікірін білдіруге және энергетика саласын дамытудың одан әрі векторын айқындауға мүмкіндік береді”,- деп атап көрсетті энергетика министрі.Қазақстан АЭС салу кезінде соңғы үлгідегі реакторларды қолдануды жоспарлап отыр25 Тамыз, 15:58

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Кнопка «Наверх»