Қазақстан мен Дания мүмкіндіктерді толық пайдалану қажет – Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев Данияның сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаЖазылу
Қазақстан Данияны Еуропаның беделді және ықпалды мемлекеті және сенімді серіктес ретінде қарастырадыАСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Дания Корольдігінің сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенмен кездесті, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы Данияны Қазақстанның Солтүстік Еуропа мен Еуропалық одақтағы сенімді серіктесі деп атады. Келесі жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 35 жыл толады.»Біз Данияны Еуропаның беделді және ықпалды мемлекеті және сенімді серіктес ретінде қарастырамыз. Екіжақты ынтымақтастығымыздың әлеуеті зор екеніне сенімдімін. Аталған мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін тараптар осы бағытта белсенді әрі мақсатты түрде жұмыс істеуі қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытудың оң динамикасы атап өтілді. Бұл ретте, Президенттің айтуынша, өзара ықпалдастықты тереңдету мүмкіндігі жеткілікті.© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев Данияның сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдадыҚасым-Жомарт Тоқаев Данияның сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы Carlsberg компаниясының Алматы облысында маңдайалды инвестициялық жобаны қолға алғанын құптап, кәсіпорынның Қазақстанда тамақ өнеркәсібін ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.Дания сыртқы саясат ведомствосының басшысы алдағы Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтап, осы жылдар ішінде еліміздің айтарлықтай табыстарға қол жеткізгеніне тоқталды.Бұдан бөлек, ол Данияның Қазақстанмен саяси диалогты одан әрі нығайтуға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға ниетті екенін растады.»Қазақстан Орталық Азиядағы экономикасы ірі ел саналады. Мұнда Данияның көптеген компаниясы жұмыс істейді. Олар осы серіктестікті алдағы уақытта кеңейте түсуге қызығушылық танытып отыр», – деді Дания сыртқы істер министрі.Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ларс Лёкке Расмуссен көлік-логистика, цифрлық трансформация, жасанды интеллект, аса маңызды минералдар, ауыл шаруашылығы және су қауіпсіздігі салаларындағы ықпалдастықты нығайту перспективасы жөнінде пікір алмасты.Жасанды интеллектінің мүмкіндігі молая түскен сайын, оның қаупі де артады – Тоқаев1 Қазан, 20:50
