15 маусымнан елордада жеті учаскеде Bus Lane жолақтары енгізіледі
Автобусная полоса© Sputnik / Тимур БатыршинЖазылу
Қазіргі уақытта учаскелерде жолақтарды сызу жұмыстары жүргізіліп жатырАСТАНА, 11 маусым — Sputnik. Астанада 15 маусымнан 16 маусымға қараған түні Ш.Айтматов көшесінде Bus Lane қоғамдық көлігі үшін бөлінген жолақ енгізіледі. Ол Ш.Қосшығұлұлы көшесінен Ж.Молдағалиев көшесіне дейінгі учаскені қамтиды, жалпы ұзындығы 10,5 км болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Қазіргі уақытта көрсетілген учаскеде жолақтарды сызу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Бұл – осы жылы 7 учаскеде енгізілетін Bus Lane жолақтардың алғашқысы. Бұған дейін хабарлағандай, бөлінген жолақтар Мәңгілік ел, Тұран, Тәуелсіздік даңғылдары мен Керей Жәнібек хандар көшесіне, Ұлы Дала және Р.Қошқарбаев даңғылдарына енгізіледі.Bus Lane қоғамдық көліктер қозғалысының жол жүру уақытын, аралықты, аялдамаларда жолаушылардың автобустарды күту уақытын қысқартуға, орташа пайдалану жылдамдығын арттыруға ықпал етеді.Сондай-ақ жедел жәрдем қызметі, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Астана қаласында түнгі автобустар іске қосылады4 Маусым, 11:00