Қоғам

Қожағапанов пен Бекетаевқа қатысты тергеу аяқталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматыдағы ғимараты © Sputnik/Ертай СарбасовЖазылу

Осы авталған әр іс бойынша шығын 1 миллиард теңгеден асады АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанның бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа, сондай-ақ бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.»Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы әділет министрі мен іске қатысы бар басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол жеке компания басшылығымен бірге аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды, алаяқтық жасады және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты деген күдікке ілінді», — деп жазылған хабарламада. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жартыжылдық алқа отырысында бұрынғы мәдениет және спорт вице-министріне қатысты дерек айтылды. «Ведомство бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі мен мердігер ұйым басшылығына қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қылмыстық істі тергеуді аяқтады», — делінген хабарламада. Бұған дейін 2023 жылдың 21 қазанында Қазақстанның бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев соттың рұқсатымен қамауға алынғаны хабарланған болатын. Оған үлестес компанияның мүддесін қорғады деген айып тағылды. Экс-министр Марат Бекетаев қашып бара жатқан жерінен ұсталды – Бас прокуратура26 Қазан 2023, 10:40Тергеушілердің айтуынша, министр жыл сайын қажетсіз қызметтер көрсетуге келісімшарттар жасаған. Тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер әзірге жарияланбады. 2024 жылдың 1 наурызында Алматыда Қазақстанның бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов ұсталды. Ол ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Кнопка «Наверх»