Экономика

Қазақстанның ЖІӨ он айда 6,4%-ға өсті

Монеты, архивное фото© Sputnik / Владислав ВодневЖазылу

Өңдеу өнеркәсібінде өсім 5,8% болдыАЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2025 жылдың жылдың қаңтар-қазан айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға өсті, деп хабарлайды Экономика министрлігі.Ведомствоның мәліметінше тауар өндірісі 8,2%-ға, қызмет көрсету 5,3%-ға артты. ЖІӨ-нің өсуіне анағұрлым ең көп үлесті өнеркәсіп (өсім 7,3%) саласы қосты, оның жалпы өсімдегі мөлшері – 30%. Ал сауда және көлік салаларымен қосқанда 70%-дан асады.Өңдеу өнеркәсібінде өсім 5,8% болды. Бұл жекелеген бағыттар бойынша өнім шығарудың ұлғаюы есебінен қалыптасып отыр.Олардың ішінде:машина жасау – 11,5%-ға, соның ішінде автомобиль құрастыру — 13,3%-ға,химия өнеркәсібі – 10,9%-ға,азық-түлік – 9,1%-ға,мұнай өнімдері – 6,3%-ға,металл бұйымдары – 14,1%-ға,құрылыс материалдары – 5,3%-ға өсті.Құрылыс саласында өсім ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырумен байланысты болып отыр. Құрылыс жұмыстары көлемінің артуы 2025 жылғы қаңтар-қыркүйектегі 14,9%-бен салыстырғанда 15,1%-ды құрады.»Ауыл шаруашылығы саласы маусымдық өсу фазасына енді. Жалпы өнім көлемі қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 1,0 п. т.-ға жеделдеп, 5,4%-ға артты. Өсімдік шаруашылығында өсім 6,7%-ға, мал шаруашылығында 3,4%-ға жетті», — деп жазылған хабарламада.Саудада өсім деңгейі 9%-ды құрады. Өсу қарқыны саладағы үлесі 66,5% болатын көтерме сауда кәсіпорындарында байқалып отыр. Айналым қаражатының ұлғаюы Павлодар, Атырау облыстары мен Астана қаласында тіркелген.Көлік саласында да өсімнің жоғарғы қарқыны сақталып отыр. Барлық көлік түрі бойынша тасымалдың өсуіне байланысты көлік қызметінің көлемі 20,7%-ға артты.Қазақстан ЖІӨ өсімі бойынша Орталық Азия және ТМД елдері арасында көш бастап тұр25 Желтоқсан 2023, 13:11

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Кнопка «Наверх»