Қазақстанда 62 млрд теңгеге ұлттық спорт орталығы салынады
Президент Токаев осмотрел село Родина© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаЖазылу
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Алдағы республикалық бюджетке ұлттық спорт орталығының құрылысы енгізілді. Бұл туралы қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін мәжілісте 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет қаралды. Оған сәйкес, келесі жылы бюджеттің шығыстары 25,8 трлн теңге болады. Бұл биылғы шығындармен салыстырғанда 1,7 трлн теңгеге артық. Соның басым бөлігі — әлеуметтік төлем, шәкіртақы, ғылыми атақтарға берілетін ақы мен денсаулық саласына кететін шығыс.»Келесі басым бағытымыз — туризм мен спортты дамыту. Бұл бағытта 2025 жылы 141 млрд теңге жоспарланып отыр. Оның ішінде жоғары жетістіктер спортын дамытуға, атап өтетін болсақ, ұлттық спорт орталығын салуға 62 млрд теңге қарастырылған»,-деді Бейсенбекұлы.Бұдан бөлек, спорттағы дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қаржы бөлінеді.Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген вице-министр Бейсенбекұлы ұлттық орталықтың Астанадағы ипподромның жанында салынып жатқанын айтты.»Нәтижеге бас ауыртпайды»: Тоқаев спорт саласына жауаптыларды сынады27 Тамыз, 13:49